29 Маус 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балауса» мектепке дейінгі ұйымы» коммуналдық қазыналық кәсіпорынының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау бойынша талдамалық анықтамасы

 1.Кіріспе

«Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балауса» мектепке дейінгі ұйымы» коммуналдық қазыналық  кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары заңды тұлға болып табылады. Балабақша 2 жастан бастап мектеп жасына дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу,оқыту мен дамыту және медициналық бақылау қарау, бағу, сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етеді.

    Балабақшада 33 қызметкер жұмыс жасайды. Балабақшаның жобалық қуаты: 140  

Қолданысқа берілген жылы: 1993 ж

Бала саны: 140

Топтар саны: 5

Байланыс телефоны: 8(71339)-21-6-77

Әрбір топ  жеке жатын, оқу-ойын, әжетхана бөлмелерінен тұрады. Балалардың жас ерекшелігіне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған.

Кадрлар құрамы:

Балабақшадағы педагог саны: 16

Жоғары білімді-4 педагог, арнаулы орта білімді- 12 педагог

Ақпараттық талдамалық бөлім:

«Балауса» мектепке дейінгі ұйымы бойынша  Қазақстан Республикасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған шаралар сапалы ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары жасақталып,жоспар қызметкерлерге таныстырылып бекітілді. Балабақшада балабақшаның бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. Сонымен қатар кадрлар тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарынаың қатаң сақталуы үнемі бақыланып түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Балабақша қызметкерлерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге 2022 жылда тәртіптік жаза берілген жоқ. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда. Мемлекеттік сатып алулар бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыт бойынша жүзеге асты:

Мектепке дейінгі ұйымда ақша жинауды болдырмау,балабақшамен қоштасу және т.б мерекелерде тәрбиешілерге ата-аналардан сыйлыққа ақша жинамауын үнемі қатаң қадағалау. Балабақша дәлізіне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында стенд ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмысының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында мәселе ретінде талқыланып қаралады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілді.

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар