19 Мамыр 2023
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

«Балауса мектепке деәінгі ұйымы» коммуналдық қазыналық кәсіпорынынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау бойынша талдамалық анықтамасы

«Ақтөбе  облысының  білім басқармасы Әйтеке ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балауса мектепке деәінгі ұйымы» коммуналдық  қазыналық кәсіпорынынның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау бойынша талдамалық  анықтамасы.

 «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балауса» мектепке дейінгі ұйымы» коммуналдық қазыналық  кәсіпорны жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары заңды тұлға болып табылады. Балабақша 2 жастан бастап мектеп жасына дейінгі жастағы тәрбиеленушілерді тәрбиелеу,оқыту мен дамыту және медициналық бақылау қарау, бағу, сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етеді.Ата аналармен тұрақты жұмыс жүргізіледі.

   Балабақшаның жобалық қуаты: 140  

Ақпараттық талдамалық бөлім:

«Балауса» мектепке дейінгі ұйымы бойынша  Қазақстан Республикасында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған шаралар сапалы ұйымдастырылып, іс-шаралар жоспары жасақталып,жоспар қызметкерлерге таныстырылып бекітілді. Балабақшада балабақшаның бұйрықтар кітабының жүргізілуі бақыланып отыр. Сонымен қатар кадрлар тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Балабақшада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің талаптарынаың қатаң сақталуы үнемі бақыланып түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Балабақша қызметкерлерінің тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге 2023 жылда тәртіптік жаза берілген жоқ. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақталуда.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыт бойынша жүзеге асты:

Мектепке дейінгі ұйымда ақша жинауды болдырмау,балабақшамен қоштасу және т.б мерекелерде тәрбиешілерге ата-аналардан сыйлыққа ақша жинамауын үнемі қатаң қадағалау. Балабақша дәлізіне «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында стенд ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының түсіндірілуі, насихаттау жұмысының барысы балабақша әкімшілігі жиналысында мәселе ретінде талқыланып қаралады. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізілді. Ата- аналармен ашық есік күні ұйымдастырылды.(дөңгелек үстел, балабақшаның бір күндік тынысы.)

.

Көрнекілігі: Тақырыптық слайд, бейнебаян.

Түрі: Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Әңгіме сұхбат, пікір
  3. Барысы:

Жоспары:

1..Баяндама.

А.«Сыбайлас жемқорлық» -деген не?

Б. Жемқорлықтың пайда болуымен күресу.

В. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалары

С. Қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шаралары мен

әдістері

2.. Ашық есік күнін ұйымдастыру.

  1. Қорытынды

«Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.

Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.

Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.

ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

  • Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.
  • Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.
  • Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды.

Жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында кездесулер, әңгімелесулер, «дөңгелек үстелдерді» өткізілді. Сыбайлас жесмқорлыққа қатысты әрбір іс-шаралар  әлеуметтік желілерге жарияланып отырады. Бейне баян сілтемесі: https://www.instagram.com/reel/CrcvlKQA8ff/?igshid=MDJmNzVkMjY=

2.Ата аналарға ашық есік күнін ұйымдастыру

Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс, ата-аналардың балабақшамен тұрақты қарым қатынасын қалыптастыру.Балабақшаның бір күндік тыныс тіршілігін бақылау.(Балалардың тамақтануын,жатын бөлме жағдайын,балабақшаның жалпы жағдайы )

Ата-аналар үшін мектепке дейінгі мекемеге экскурсия сияқты педагогикалық жұмыс түрін қарастыдық.

Біз осындай шараны өткізудің келесі жоспарын ұсынамыз:

Қатысушыларды жинау және тіркеу. Музыкалық бөлмеге қонақтарды шақырады.

  1. Мектепке дейінгі мекемелер мен педагогикалық ұжым туралы презентацияны көрсету.
  2. Медициналық кеңсеге бару.
  3. «Денсаулық - керемет!» Белсенді бес минутты өткізу. Спортзалда.
  4. Психолог дөңгелек үстел ұйымдастыру
  5. Музыкалық залда шағын концерті.
  6. «Ата аналар сауалнамасын» толтыру

Балабақша жоспарына сәйкес ашық есік күнін ұйымдастрылды, ата-аналар балабақшаның бір күндік тыныс  тіршілігімен танысты.

 Балалабақшаның жабдықталуы, ас мәзірі,медициналық  алғашқы көмек, топтардың жабдықталуы, жалпы   бір күндік тыныс тіршілігімен танысты. Әр топ ата-аналары топтарды, жатын бөлме , ойын бөлмелерін , спорт зал, асхана ,медбике  бөлмелерін қарап , танысты. Ата- аналар өз пікір ұсыныстарын  қалдырды.  Ата-аналарға дөңгелек үстел  ұйымдастырылып,әңгіме, сұхбат,пікір сұрақ-жауап сауалнамалар алынды.

Сұрақтар:

  1. Ашық есік күніне келу себебіңіз?

2.Топ жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

  1. Ата - ананың бала алдындағы міндеттері қандай?.

4.Тәрбиешілерге  мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?

  1. Ұсынысыңыз бар ма?

.https://www.instagram.com/p/CrVJnoQAd9h/?igshid=MDJmNzVkMjY=

Жаңалыктар
Білім статистикасы
Орал қаласының білім беру жүйесінің статистикасы 2018-2020 жж. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің 2018-2019 жылдардағы негізгі көрсеткіштері.
51
Мектеп саны
125
Балабақша саны
49947
Оқушылар саны
15535
Балабақшалардағы балалар саны
Smart Bilim - порталдың мобильді қосымшасы
Әсіресе, ата-аналар үшін Smart Bilim мобильді қосымшасы үйден шықпай-ақ қажетті және қажетті ақпаратқа қол жеткізуге, нақты уақытта сұрақтар қоюға және кері байланыс алуға мүмкіндік береді.
Пайдалы ақпараттық ресурстар